Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Саздинская средняя школа»

Добро пожаловать на сайт нашей школы!

Өзін -өзі аттестаттау туралы анықтама Сазды ОМ

Қарғалы  ауданы

«Сазды  орта мектебі»КММ

 

 

 

Өзін-өзі аттестаттау материалдары

 

2021-2022  оқу жылы

 

Сазды  орта мектепті мектепішілік өзін-өзі аттестациядан өткізу қорытындысы туралы анықтама

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында  сапаны  қамтамасыз ету  комитеті төрағасының  2021 жылғы 10 қыркүйектегі  №700 бұйрығын  басшылыққа ала отырып,  2022 жылдың  ақпан  айының  7-12 аралығында мектепішілік өзін-өзі аттестаттау өткізілді.

        Мектепішілік өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты төмендегідей комиссия құрамы бекітілді.

1.Утемагамбетов С.Т.–комиссия төрағасы,мектеп директоры

2.Сегизбаева Н.С.- комиссия төрағасының орынбасары, директордың  ОІЖ орынбасары

  1. Жабетов А.Р.- комиссия төрағасының орынбасары, директордың ОІЖ орынбасары

 4.Данн К.В. -комиссия төрағасының орынбасары, директордың  ТІЖ орынбасары

5.Сагынтаева Р.К – бастауыш   пән мұғалімі, педагог-зерттеуші

 

Комиссия мүшелері мектептің білім беру қызметінің сапасы мен нәтижесін тексеруде, зерттеуде мына бөлімдер қамтылды.

      1) білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);

     2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Бағалаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі;

       3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

      4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);

      5) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері қоса беріледі);

      6) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);

      7) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);

      8) ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру (бағаланатын кезеңге вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);

      9) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу;

      10) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;

       11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау. Біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішінде жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі.

  1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:

      1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;

      2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;

      3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.

  1. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

      1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ инвариантты компонентінің әрбір оқу пәні бойынша бір бейне материал қоса беріледі);

      2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау;

       3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;

      4) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;

       5) 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім алушылардың білік және дағды, білім сапасын бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 15 және 16-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер қоса беріледі).

  1. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

      1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;

      2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.

 

  1. Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі .

   «Сазды  орта мектебі» мемлекеттік мекемесі  1984 жылы  салынған.

Жалпы орта білім беретін мектеп 2 қабатты.

Жобалық сыйымдылығы 320 орындық. Қазір мектепте 106 оқушы білім алуда.

Мекеме ғимаратының түрі:  типтік .

Жалпы көлемі:  1790,7 ш.м.

Оқу тілі : аралас

Жаңа оқу жылын 20\13 класс комплектісімен бастады. Бастауыш класта 8 класс 5 комплекті-43  оқушы. Орта буын - 9 класс 5 комплекті-34 оқушы. Жоғары буында 3 класс 3 комплекті, оқушылардың саны-12 оқушы.  

2021-2022 оқу жылында «Сазды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиелеу мен білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

   2021-2022 оқу жылында «Сазды орта мектебі» КММ-нде оқушы саны – оқу жылы басында  92 оқушы , қазіргі  таңда  89 оқушы , қазақ тілінде оқитын сыныптарда – 55, орыс тілінде оқитын сыныптарда – 34, мектепалды даярлық кластарында – 16 . Мектепте барлығы мектепалды даярлық тобымен  22 сынып, 15 класс-комплект. Оның ішінде 13 біріктірілген (1,4,2/3,5/6,7/8, 9,10 қазақ тілінде оқитын, 1/3,2/4,6/7,8/9,10/11 орыс тілінде оқитын) сыныптар бар. Олардағы оқушы саны 92.

Сыныбы

                        Оқыту тілі

Барлық оқушы саны

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1 сынып

7

3

10

2сынып

7

3

10

3сынып

8

2

10

4 сынып

10

3

13

5 сынып

5

-

5

6 сынып

6

3

9

7 сынып

4

5

9

8 сынып

3

1

4

9 сынып

3

4

7

10 сынып

2

4

6

11 сынып

-

6

6

 

Біріктірілген  кластар бойынша  оқушы саны төмендегідей:

Біріктірілген кластар

Сынып бойынша  оқушы сан

Барлық оқушы саны

2,3 қазақ

2 сынып -7оқушы

3сынып -3 оқушы

10

1,3 орыс

1 сынып -3 оқушы

3 сынып -2 оқушы

5

2,4 орыс

2 сынып -3 оқушы

4 сынып -3 оқушы

6

5,6 қазақ

5 сынып -5 оқушы

6 сынып -6 оқушы

11

7,8 қазақ

7 сынып -4 оқушы

8 сынып -3 оқушы

7

6,7 орыс

6 сынып -3 оқушы

7 сынып -5 оқушы

8

8,9 орыс

8 сынып – 1 оқушы

9 сынып -4 оқушы

5

 

Оқу процесін ұйымдастыру «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы        № 604  бұйрығымен   бекітілген   Мектепке  дейінгі тәрбие мен  оқытудың мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты (2020 жылғы  5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы (2020 жылғы 12 мамырдағы №195 өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін);

         «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы №90 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген.)

         «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы №90 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген.)

 

Оқушыларға арналған оқу жүктемесіде МЖМБС талаптарына  сай жасалған. Әр сынып  бойынша  апталық  сағат  жүктемесі төмендегідей:

Сыныптар

Апталық  жүктемесі

Сыныптар

Апталық  жүктемесі

1 қазақ

22,5 сағат

1,3 орыс

39 сағат

2,3 қазақ

39 сағат

2,4 орыс

39 сағат

4 қазақ

26 сағат

6,7 орыс

46,5 сағат

5,6 қазақ

45 сағат

8,9 орыс

51 сағат

7,8 қазақ

48 сағат

10 орыс

35 сағат

9 қазақ

34 сағат

11 орыс

35 сағат

10 қазақ

35 сағат

 

 

Мектептің  негізгі  мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны тәрбиелеу. 

Міндеттері:

  • тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  • Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне педагогтік қызметте жас ерекшелігін ескере отырып, диагностикалық, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету;
  • білім берудің жеке сипатын дамыту, білім берудің заманауи инновациялық технологияларын енгізу;
  • баланың өзін-өзі еркін дамыту және оның өміршеңдігі аймағын кеңейту  мақсатында мықты, сабақтан тыс және мектептен тыс қызмет жүйесін құру;
  • оқушылардың мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту шарты ретінде көшбасшылық қасиеттерін және болашағы үшін жауапкершілікті жетілдіру; -
  • дарынды балалармен жұмыс жүйесін іске асыру;
  • үш тілді дамыту, тіл және жалпы мәдениетті өзара байланысты дамыту;
  • инклюзивті білім беруді дамытудың инновациялық тетіктері мен жағдайларын жасау;
  • рухани-адамгершілік құндылықтарды, патриотизмді нығайту және оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру;
  • бейінді және бейінді оқытуды іске асыру;
  • адами капиталды дамыту және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;
  • материалдық-техникалық жағдайлар жасау.

Құндылықтар:

 

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
    • қарым-қатынас жасау қабілеті;
    • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
    • жауапкершілік;
    • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
    • өмір бойы оқуға дайын болу.

 

Мектепалды даярлық класының оқу жоспарының  незізгі апталық   сағат жүктемесі  20 сағтты  құрайды , ал вариативтік компонентінен мына курс енгізілді:

Қазақ тілінде оқытылатын сыныбында:

  1. «Қызықты математика әлемінде» /1 сағат/ Мақсаты: қоршаған ортаны жан – жақты танып білу, жануарлар өмірі, тынысы туралы мәлімет беру, тәрбиеленушілерді қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
  2. «Шуақты қылқалам» /1 сағат/ Мақсаты: саусақпен ұсақ жұмыстарды ұқыпты жасау, нақтылық пен зейінділікті арттыру, есте сақтау қабілетін шыңдау, геометриялық негіздегі өрнектермен танысу, сөздік қорын арнайы терминдермен байыту;
  3. «Сиқырлы кітап» /1 сағат/ Мақсаты: қарым –қатынас, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсете білу;

Орыс тілінде оқытылатын сыныпта:

  1. «В стране занимательной математики» /1 сағат/ Мақсаты: математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық операцияларды игеру, сандар сырымен таныстыру;

«Волшебная книга» /1 сағат/ Мақсаты: әдетке айналған қарапайым суретшілер әдісінен тыс, сурет салудың ерекше түрлерімен таныстыру жүргізіледі.

    1-4 – кластарда білім беру үдерісін ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

«Сазды орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекеменің №1 31.08.2021ж  педагогикалық кеңестің шешімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы( 2021 жылғы  26 наурыздағы  №125 бұйрықпен  өзгертулер мен  толықтырулар енгізілген)  бастауыш   білім беру деңгейі №11 ,12 (оқыту тілдері бойынша) негізделген.

"Цифрлық сауаттылық" пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашадағы бекітілген № 496 "ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына  (188-2 к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі  № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілді.

   "Цифрлық сауаттылық " оқу пәні  1- класта білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып және 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізілуіне байланысты, 2021-22 оқу жылының 3-тоқсанынан бастап 1-класс оқушыларына "Цифрлық сауаттылық " пәні жүргізіледі. 2-класс оқушыларына "Цифрлық сауаттылық " пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап жүргізіледі.2-4 қазақ кластарында оқушыларының   пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру,  логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында  төмендегі  сабақтар  енгізілді:

  • қазақ тілінде оқитын 1 класта (1с) «Ұлттық ойындар»-
  • қазақ тілінде оқитын 2/3класта – (1с) «Ұлттық ойындар»-
  • қазақ тілінде оқитын 4 класта -(1с) «Ұлттық ойындар»-
  • қазақ тілінде оқитын 3 класта (1с)«Оқу сағаты »
  • қазақ тілінде оқитын 4 класта(1с) «Бірге ойланайық»

1-4-кластарда "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсын міндетті меңгеруқамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-кластарда "Дүниетану" оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-кластарда 6 сағаттан, 4-класта 10 сағаттан бастауыш класс мұғалімдері іске асырады.  "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұнын 1-4-кластардаәрбір сыныпта 6 сағаттан класс сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта класс жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады.

5-6  қазақ  сыныбы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрінің  2021 жылғы  26 наурыздың №125 бұйрығына 16-қосымшаҚазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрінің  2012 жылғы 8 қараша  №500 бұйрығына 16-қосымша  бойынша   оқытылады.

5-9  – кластарда білім беру үдерісін ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

«Сазды орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекеменің №1 31.08.2021ж  педагогикалық кеңестің шешімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы( 2021 жылғы  26 наурыздағы  №125 бұйрықпен  өзгертулер мен  толықтырулар енгізілген)  бастауыш   білім беру деңгейі №16 ,17 (оқыту тілдері бойынша) негізделген.

Вариативті компонент                                                                                  

Оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін, ой-өрістерін кеңейту,«Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасын жүзеге асыру, оқушылардың логикалық ойлау қасиеттерін дамыту мақсатындажәне оқушылардың тұрмыстағы экономикалық көзқарасын қалыптастыру, еңбекке құлшынысын арттыру, жоба жоспарын құру, өз мақсатын жүзеге асыруға үйрету, таным көкжиегін дамыту, қоршаған ортаның қыр-сырларымен тереңірек таныстыру мақсатында оқу жұмыс жоспарына төмендегідей курстар енгізілді:

  • қазақ тілінде оқитын 5 - класта (1 с) -«Ұлттық ойындар »
  • қазақ тілінде оқитын 5  класта (1 с)  «Шағын  футбол »
  • қазақ тілінде оқитын 6  класта (1 с)  «Шағын  футбол »
  • қазақ тілінде оқитын 7  класта (1 с)  «Шағын  футбол »
  • қазақ тілінде оқитын 8  класта (1 с)  «Шағын  футбол »
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1 с)  «Шағын  футбол »
  • қазақ тілінде оқитын 5/6 класта (1с) «Қазақстан минералды ресурстары» 
  • қазақ тілінде оқитын  9 класта(1с) «Қазақстан минералды ресурстары» 
  • қазақ тілінде оқитын 6 класта (1с) « Ұлы дала  тарихы»
  • қазақ тілінде оқитын 9  класта (1с) «Зайырлылық және дінтану»
  • орыс тілінде оқитын 6  класта(1с) «Сказочная  природа»
  • орыс тілінде  оқитын 6  класта (1 с)  «Мини  футбол »
  • орыс тілінде оқитын 7  класта (1 с)  «Мини  футбол »
  • орыс тілінде оқитын  8/9  класта(1с) «Сказочная  природа»
  • орыс тілінде оқитын 8  класта (1 с)  «Мини  футбол »
  • орыс тілінде оқитын 9 класта (1с) «Светскость и основы религиоведения»
  • орыс тілінде оқитын 9 класта (1 с)  «Мини  футбол »

Білім  алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компонентте  инвариантты компонентен таңдалған оқу пәндері  төмендегідей:

  • қазақ тілінде оқитын 7  класта  (1с)  алгебра
  • қазақ тілінде оқитын 7 класта (1с) физика
  • қазақ тілінде оқитын 7 класта (1с) дүниежүзі тарихы
  • қазақ тілінде оқитын 7 класта (1с) қазақ тілі
  • қазақ тілінде оқитын 8 класта (1с) алгебра
  • қазақ тілінде оқитын 8 класта (1с) физика
  • қазақ тілінде оқитын 8 класта (1с) химия
  • қазақ тілінде оқитын 7/8 класта(1с) география
  • қазақ тілінде оқитын 7/8 класта (1с)Қазақстан тарихы
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1с) алгебра
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1с) физика
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1с) химия
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1с) география
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1с) Қазақстан тарихы
  • қазақ тілінде оқитын 9 класта (1с) биология
  • орыс тілінде оқитын  7 класта (1с)орыс тілі
  • орыс тілінде оқитын  7 класта (1с) география
  • орыс тілінде оқитын  7 класта (1с)физика
  • орыс тілінде оқитын  7 класта (1с)биология
  • орыс тілінде оқитын  7 класта (1с)қазақ тілі
  • орыс тілінде оқитын  7 класта (1с)алгебра
  • орыс тілінде оқитын  8 класта (1с) орыс тілі
  • орыс тілінде оқитын 8 класта (1с) география
  • орыс тілінде оқитын 8 класта (1с) алгебра
  • орыс тілінде оқитын 9 класта(1с) орыс тілі
  • орыс тілінде оқитын 9 класта (1с) география
  • орыс тілінде оқитын 9 класта (1с) алгебра
  • орыс тілінде оқитын 8/9 класта (1с) физика
  • орыс тілінде оқитын 8/9 класта (1с) биология
  • орыс тілі оқитын 8/9 класта (1с) қазақ тілі

10-11 – кластарда білім беру үдерісін ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

«Сазды орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекеменің №1 31.08.2021ж  педагогикалық кеңестің шешімімен  жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқу жоспары таңдау жасалды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы( 2021 жылғы  26 наурыздағы  №125 бұйрықпен  өзгертулер мен  толықтырулар енгізілген)  бастауыш   білім беру деңгейі №22 ,24 (оқыту тілдері бойынша) негізделген

 

Мектеп жаратылыстану-математика бағыты бойынша жұмыс жасайды. Бұл бағыттың таңдалуы оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұранысы негізінде жүзеге асады. Арнайы ата-аналармен оқушылардан алынған сауалнаманың негізінде инварианттық оқу жүктемесіне таңдау пәндері:

Тереңдетілген деңгейде

  • Қазақ тілінде оқитын 10- класта биология , физика  пәндеріне 3 сағаттан қосылды.
  • Орыс тілінде оқитын 10 класта   физика ,география   пәндеріне 3 сағаттан  қосылды .
  • Орыс тілінде оқитын 11 класта физика , география пәндеріне 3 сағаттан қосылды.

 

Стандартты деңгейінде

  • 10 және 11 кластарда «Дүние жүзі тарихы» пәніне 2 сағаттан қосылды.

 

10,11-кластардағы вариатив бөліміндегі жеке және топтық жұмыстар курсының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін жетілдіру, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын, бағдарлау  дағдыларын кеңейту және тереңдету, оқушылардың физикалық сауаттылығын арттыру, есептерді түсіне отырып шығаруға дағдыландыру, кәсіпкерлік, бизнес туралы негізгі ұғымдарын қалыптастыру мақсатындатөмендегі жеке және топтық жұмыстар енгізілді:

  • қазақ тілінде оқитын 10 класта (1 с) -«Химиялық есептерінің сырлары»
  • қазақ тілінде оқитын 10 класта(2с) «Биология есептері»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1с)«Практикум по  решению  различных физических задач»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1с) «Страноведение»
  • орыс тілінде оқитын 11 класта (1с) «Практикум по решению  различных физических задач»
  • орыс тілінде оқитын 11 класта (1с) «Страноведение»
  • қазақ тілінде оқитын 10 класта (1 с)- «Волейбол»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1с) – «Волейбол»
  • орыс тілінде оқитын 11 класта (1с)-«Волейбол»

10,11-кластарда  инвариативтік компоненттен таңдау пәндері енгізілді:

  • қазақ тілінде оқитын 10класта (1 с) -«Алгебра және анализ бастамалары»
  • қазақ тілінде оқитын 10 класта (1с)-«Химия»
  • қазақ тілінде оқитын 10 класта (1с) – «География»
  • қазақ тілінде оқитын 10 класта (1 с)- «Алғашқы әскери технологиялық дайындық»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1с) – «Химия»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1с) – «Биология»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1с) – «Алгебра және анаиз бастамалары»
  • орыс тілінде оқитын 10 класта (1 с)- «Алғашқы әскери технологиялық дайындық»
  • орыс тілінде оқитын 11 класта (1с) – «Химия»
  • орыс тілінде оқитын 11 класта (1с) – «Биология»
  • орыс тілінде оқитын 11класта (1с) – «Алгебра және анаиз бастамалары»
  • орыс тілінде оқитын 11 класта (1 с)- «Қазақстан тарихы»
    • оқу жылына  арналған   жұмыс жоспары  қосымшада  көрсетілген. ( №1 )

 

  1. Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі.

 

     «Сазды  орта  мектебі» КММ  2021-2022 оқу жылына  арналған  жұмыс жоспары  мектеп директорының , аудандық білім  бөлімінің келісімімен , облыстық  білім бөлімімен  бекітілген. Жұмыс  жоспарына  сай  2021-2022 оқу жылына  мектеп кәсіподақ келісімен , мектеп директоры бекіткен  сабақ кестесі бар.  Сабақ кестесі оқу жылының оқу жоспар түрлерін басшылыққа ала отырып, жасалған. Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігі әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және  ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді  қиындығына қарай саралау кестесін пайдаланған  және  75 –қосымшада көрестілгендей   жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзілі орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасалған. Үзілістерде таза ауаны кіргізіп ,кабинеттерде ылғалды  тазалық жүргізіледі.Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделген.  Бірінші аусымдағы сабақ  8.00-ден  13.30-ке дейін өткізіледі. Екінші ауысым сабағы сағат 14.10.-де басталады.

2021-2022 оқу   жылына  арналған  сабақ кестесі  қосымшада көрсетілген.     (№ 2)

 

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру.

2021-2022 оқу  жылында  1-11 сыныптар бойынша  барлық пәннен  №115 бұйрыққа  сәйкес  оқу бағдарламалары  пән  мұғалімдерінде  электронды  нұсқада  бар.  Биылғы  оқу жылында  «Сазды орта  мектебі»  КММ  -нің  31.08.2021ж № 8  педагогикалық  кеңестің  шешімі бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің  26.03.2021 № 125 бұйрығы бойынша  төмендетілген  оқу  жүктемесімен  оқу жоспары  таңдалды. 5-9 сыныптар бойынша білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компонентте инвариантты компоненттен таңдалатын оқу пәндерінің (әрқайсысы 2 сағаттан)  бірнеше  комбинация  қарастырылған. Білім  алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компонентте  инвариантты компонентен таңдалған оқу пәндері  төмендегідей:

- 7  қазақ  сыныбында  алгебра  , физика , дүниежүзі тарихы , қазақ тілі

- 7   орыс сыныбында  орыс тілі , география , физика , биология , қазақ тілі  , алгебра

- 8 қазақ сыныбында  алгебра , физика , химия

- 7,8 қазақ сыныбында  география , Қазақстан  тарихы

-8  орыс  сыныбында  орыс тілі , география , алгеба

- 9 қазақ  сыныбында    алгебар , физика  , химия , география , Қазақстан тарихы , биология

- 9 орыс сыныбында  орыс тілі , география , алгебра

- 8,9 орыс сыныбында   физика , биология , қазақ тілі

10,11-кластарда  инвариативтік компоненттен таңдау пәндері енгізілді:

  • 10  қазақ  сыныпта  - алгебра және анализ бастамалары,  химия , география ,»
  • 10 орыс сыныпта  –   химия , биология , алгебра және анаиз бастамалары»
  • 11 орыс сыныпта химия , биология , алгебра және анализ бастамалары , Қазақстан тарихы . 

10  кластарда инварианттық компоненттен  алғашқы әскери  және технологиялық дайындық 1 сағат оқу  далалық жиындарын өткізу үшін  берілді.Далалық оқу жиынына (лагерлік) вариатиатік бөлімнен 30 сағат  қарастырылған.

 

4.Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру.

Мектепте білім алушылардың таным мәселелерін  шешеуге және субъективті  жаңа білімді меңгеруге, ұлттық  дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге  және жалпы адамзаттық  құндылықтарды дарытуға бағытталған жұмыстар 2021-2022 оқу жылдарына арналған мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сай жүйелі түрде өткізілуде. 8 бағыт бойынша құрылған жоспар бойынша тәрбиелік шаралар өткізіліп, клубтар жұмыс жасауда. 2021-2022 оқу жылдарына ҚР БҒМ Жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілген.

- ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығы)

 - Ақтөбе облысында тәрбие жұмыстарының  2013-2020 жылдарға арналған  БАҒЫТ – БАҒДАРЛАМАСЫ (Ақтөбе облысының білім басқармасы № 712 бұйрық 10.09.2012 ж)

- Ақтөбе облысының білім басқармасы № 733 бұйрық 01.09.2015 ж.және Ы.Алтынсарин ҰБО ұсынған әдістемелік нұсқаулықта берілген ережелерге сәйкес  құрылып,бекітілді.

Тәрбие жұмысының мақсаты: оқушылардың адами құндылықтарын, интелектуалдық қабілеттерін, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриоттылыққа баули отыра салт-дәстүрлер мен мемлекеттік рәміздерді қастерлеп қоғамға пайдалы азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу.

Мақсаты орындау үшін келесідей міндеттер қойылды:

-жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре алатын азамат тәрбиелеуге ат салысу;

-саяси, құқықтық, жемқорлыққа қарсы адал тұлға қалыптастыру;

-тұлғаның рухани-адамгершілік жіне этикалық қағидаларын қалыптастыру;

-еңбек пен экономикалық көзқарасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыру;

-оқушының бойында көшбасшылық және интелектуалдық қасиеттерді және дарының ашу, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту;

-салауатты өмір салтын ұстану, физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайту, денсаулыққа зиянды факторларды анықтауды қалыптастыру;

Тәрбие жұмысының оқу жылына арналған жоспары оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мектеп дәстүріне сай, күнтізбеклік мерекелерді қамтып жоспарланды.

Мектепте тәрбие ісі жөніңдегі орынбасар К.В.Данн қызмет жасайды.Тәрбие үдерісі - бұл тұлғаның тәрбиелік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика-оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргіземіз. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер оқушының тәрбиелік деңгейін бақылайды. Мектепте 1-11 сынып аралығында 11 сынып комплектісі бар, барлығы 86 оқушы оқиды. Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. Сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, бірлестік бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды.  Жыл бойы өткізілген педагогикалық кеңестерде төмендегідей тәрбие жұмысының  тақырыптары қозғалды.

  1. Тәрбие жұмысын жоспарлау;
  2. Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу;
  3. Тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттырудағы ата-аналар жиналысының рөлі;
  4. Жалпыға құқықтық білім беру жұмысы;
  5. Жазғы жұмыс және демалысты ұйымдастыру.

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымында 59 оқушы бар. Жоспарланған іс-шаралар мен қоғамдық іс-шараларға белсене араласады.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, айналасына құрметпен қарауға, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, жат ағымдардың теріс пиғылдарын түсіндіру арқылы отанға деген патриоттық сезімін ояту, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында ақпараттық – түсіндіру тобының жоспары құрылып, бекітілген жоспарға сай іс-шаралар өткізілді.

Құқықбұзушылық пен заң бұзушылықты алдын-алу мақсатында Құқықбұзушылықты алдын-алу Кеңесінің жоспары құрылды. Жыл бойы кеңестер өткізіліп, тақырыпқа сай іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте спорттық секциялар мен үйірмелер ұйымдастырылды.  Спорттық секциялар төменгі түрлер бойынша өткізілді.

 Бастауыш сыныптар мен орта буын оқушылары жеңіл атлетика, жоғары сынып оқушыларымен волейбол, баскетбол, футбол секциялары өткізілді. Оқушылар аталған спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, «Жас суретшілер», «Көш керуен», үйірмелері жұмыс жасауда.

Мектепте «Тәуекел» тобында  оқушы жоқ.  Қарғалы аудандық КТІЖИ есебінде 9 сынып оқушысы есепте тұр. Дзюбан Артем түңгі 23.00 ден кейін көшеде жүргені үшін есепке алынды.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сай рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында: мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті жасақталып, аталған бағдарлама бойынша жыл бойы үздіксіз іс-шаралар өткізілді.

2021-2022 оқу жылының 5 айында қылмыс пен құқықбұзушылықты алдын-алу мақсатында «Қадағалау», «Түңгі ауылдың балалары» рейдтері жүйелі түрде жүргізілді. Мұғалімдер мен ауыл әкімшілігінің қызметкерлері барлық дүкендер мен сауық кешендерін аралап, ескерту жасалды.

2021-2022 оқу  жылының  тәрбие  жұмыс  жоспары  қосымшада  көрсетілген.(№3)

5.Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру.

  Тәрбие жұмысы тоғыз бағыт бойынша өткізілген шаралар келесідей,

  1. Жаңа қазақстандық патриоттизм және азаматтық, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Ұлттық тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
  7. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие.
  8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»,«Қауіпсіз мектеп» науқаны «Қадағалау» рейді «XXI ғасыр ата-анасы: өз балаңа қамқор бол» тақырыбында ата-аналар жиналысы, «Қауіпсіздік» сабағы, «Қауіпсіздік шұғыласы», «Мектебім – қауіпсіз мекенім» флешмоб, «Қауіпсіз жол» тәрбие сағаты, «ЖЖЕ – сін білесің бе?» «Алғашқы медициналық көмек – өмір қауіпсіздігі» дәрісі, «Қауіпсіз балалық шақ үшін» қабырға газеттері       , «День духовного согласия» дөңгелек үстел,«Байрақты елім Қазақстан» презентация сабақ, «Бала құқығының Конвенциясы» ақпараттық сағат,«Дүниежүзіндегі балалар құқығы»  құқықтық сағат,«Балаға мейірімді Қазақстан» атты науқан, «Бақытты балалық шақ» сурет көрмесі,«Мейірімді әлем» тренингі,«Біз шыныққан баламыз!»  эстафета ,«Біз өмірдің гүліміз» флешмоб ,  «Бақытты бала мемлекет кепілі»  шығарма байқауы өткізілді.      «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаны мектеп ұжымы мен оқушыларға түсіндіру жұмыстары кең етек алуда. Аталған бағдарлама бойынша «Цифровой Казахстан -  взгляд в будущее» атты тақырыпта ауызша журнал өткізілді. 5-11 сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ» тақырыбында эссе жазу жұмыстары ұйымдастырылды. 8-11 сынып оқушыларымен «Жеріміздің атақты адамдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.         Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай «Байтақ елім – Қазақстан» атты мерекелік концерт өткізілді. Концертке 1-11 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік концертте «Жас Ұлан», «Жас Қыран» БҰ-на салтанатты қабылдау рәсімі жүргізілді.

 Ұлттық тәрбие бағыты бойынша:

«Ерке есіл бойында – Астанамның тойында»  «Арайлы Астана» сыныптан тыс шара , «Жүзден жүйрік миллионер» атты тақырыпта интелектуалды ойыны өткізілді.  Желтоқсан айында Бүкіләлемдік құқық күніне орай құқық пәнінің мұғалімдері Р.С.Жузбаева мен А.Р.Баганаева 5-11 сынып оқушыларымен «Знатоки права» атты тақырыпта викторина өткізіді. «Путь лидера» , «Елбасы елімен бірге» атты концерт өткізілді.

Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша:

 «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталығы өткізілді. «Отбасым – шағын Отаным» атты тақырыпта сурет көрмесін ұйымдастырып, өткізілді. «Спорттық Отбасы» атты ұранмен эстафета ұйымдастырылды. «Отбасы тәрбие бастауы» тренингін өткізілді. «Семейные ценности – основа жизни» атты бейнеролик көрсетілді. «Ата – анам, туысым – бәрі менің Отбасым» атты тақырыпта шығарма сайысын ұйымдастырылды. «Семья – уголок счастья» тәрбие сағаты, «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу ұйымдастырып, өткізілді. «Моя семья – мое богатство» атты тақырыпта сурет көрмесі, «Семья и семейные ценности» тақырыбында презентация өткізілді.

  Рухани – адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет) бағытында: 1 қазанда «Қарттар күні» мерекесіне орай аға тәлімгер мерекелік концерт ұйымдастырыды.4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар мерекесіне орай республикалық он күндік өткізілді. «Репродуктивті денсаулық пен жыныстық гигиена» тақырыбында Степной ауылының медбикесі Г.Э.Асановамен кездесу ұйымдастырды. «Әлемдегі қыздар құқығы» атты тақырыпта құқықтық сағат өткізілді. «Қыздың қоғамдағы беделі» атты тақырыпта сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. «Жыныстық жолмен жұғатын ауру түрлері» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. «Между нами девочками» тақырыбында қыздар форумын өтті.  «Тренинг уверенного поведения» шарасын өтті. Қыздар арасында ынтымақтастық атмосферасы құрылып, өзіне деген сенімділік жаттығуы жасалды. Сазды орта мектебінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды. Клубта 12 оқушы мүшелікте. Клуб меңгерушісі құқық пәнінің мұғалімі Р.С.Жузбаева. Жыл басында еріктілер клубының жоспары құрылып, бекітілді. Қазіргі таңда жоспар бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде. «Парасатты азамат» бұрышы жаңартылды. Қазан айында «Қазақстан құқықтық мемлекет» атты айлық өткізілді. Айлық барысында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында іс-шаралар өткізілді. 1-4 сынып оқушыларымен «Сынып басшысын сайлау» рөлдік ойыны өткізілді. Оқушылар сынып басшысын сайлап, дауыс беру үрдісіне қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларды әділдік пен еркіндікке жетелеу. 5-8 сынып оқушыларымен «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым» тақырыбында мемлекеттік қызмет ардагерлерімен, қызметшілермен кездесу өтті. Қонаққа педагогикалық еңбек ардагері З.С.Зарипова, дәрігер Г.Э.Асанова қатысты. Оқушылар аталған салалар қызметкерлеріне толғандырар сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. 1-4 класс оқушыларымен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа оқушылар белсене араласты. Біреулер адалдықтың бейнесі ретінде аналарының немесе қарт адамдардың бейнесін салса, біреулер жұмысшы халықтың суретін салды. Суреті үздік таңылған оқушылар марапатталады. «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн»  тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 5-11 сынып оқушыларының арасында «Жемқорлықпен қалай күресеміз?», «Адал болу оңай ма?» атты тақырыптада эссе жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар жемқорлық туралы ойлары мен олармен күресу жолдарын ұсынды.       «Жас Ұлан» БҰ – мен аға тәлімгер 2-10 сынып оқушыларымен «Егеменді заман» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие бағыты бойынша: 5 қыркүйек «Тілдер күні» мерекесіне орай Сазды орта мектебінде декада өткізілді. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мерекеге орай сыныптан тыс шара ұйымдастырып, мерекелік концерт өткізді. Концертте оқушылар үш тілде ән шырқап, жатқа өлең айтты. «В диалоге культур» атты өлең сайысы ұйымдастырылды.     Ұстаздар күніне орай тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.В.Данн мен аға тәлімгер «Ұстаз ұлы тұлға» атты тақырыпта мерекелік концерт өткізілді. Мерекеге зейнетке шыққан ұстаздар шақырылды.   26 қазан күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.В.Данн мен аға тәлімгер «Күзгі бал» атты тақырыпта сайыс өткізілді. Үздік шыққан оқушылар марапатталды, қатысушыларға номинациялар берілді. Желтоқсан айында «Новый год шагает по планете» тақырыбында жаңа жылдық қабырға газеттері мен буклеттер сайысы өтті. Сайыс жас ерекшеліктеріне байланысты өткізілді.26 желтоқсанда әр сыныпта жаңа жылдық шыршалар атап өткізілді. Жаңа жылдық жоспар құрылып оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі уақытта шырша ертеңгілігі мен кеш өткізілді. Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу бағыты бойынша:1 тамыз – 30 қазан аралығында әлеуметтік педагог А.Ж.Зарипова және сынып жетекшілер «Мектепке жол» атты республикалық науқанды өткізді.      Мақсаты: әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына мектепке дайындығына қол ұшын созу. Науқан барасында көптеген жеке кәсіпкерлер мен ауыл адамдары қол ұшын созды.   Қарашаның 14 мен 24 аралығында әлеуметтік педагог А.Ж.Зарипова «Детство без жестокости и насилия»тақырыбында онкүндік өткізді. Шара барысында ата-аналар мен оқушыларға жағдайаттар мен сауалнамалар таратылып, тақырыпқа презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. Науқан барысында түрлі іс-шаралар мен тренингтер өткізілді. «Без добрых дел нет доброго имени» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары жақсылық туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, ән шырқады. Мақсаты: оқушыларды мейірімдікке, жақсылыққа, ізеттілікке жетелеу.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында аға тәлімгер  мен әскери жетекшісі 5-9  сынып оқушыларымен ауылдың тыл еңбегінің ардагерлеріне, ауыл ақсақалдарына көмек көрсету жұмысын өткізді. Мақсаты: еңбекке тәрбиелеу. 8-11 сынып оқушыларымен қарттарға көмек көрсету мақсатында «Қамқор» науқаның өткізді. Оқушылар ауыл қарттарына барып, үй шаруасында қол ұшын созып, алғысқа бөленді.       «День труда» атты сенбілік өткізілді. Сенбілікке барлық мектеп оқушылары қатысты. Мектеп ауласы мен жаны тазартылып, әсемделді.  «Таза аула» экологиялық операциясы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды тазалыққа, туып өскен жерін дамытып, аялауға баулу. Оқушылар жиналып мектеп ауласын және көшені қоқыстан арылтып, жапырақтарды жинады.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағытында:

Психолог А.В.Айтбаева және пән мұғалімдері 1-11 сынып оқушылары арасынан дарынды балаларды анықтау жұмыстарын жүргізді.  1-4 сынып арасында «Жол ережесін білейік, Аман есен жүрейік» атты тақырыпта викторина ұйымдастырылды.  8-11 сынып оқушыларының арасында пәнаралық олимпиадалар өткізіліп, үздік шыққан оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды. Сонымен қатар оқушылар «Русский медвежонок» пен «Ақбота» интелектуалдық марафондарына қатысты. «Я и мои способности» атты 9-11 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушының бойындағы талантты анықтау, сенімділікті арттыру.

Желтоқсан айында «Тарих білгірі» атты 5-7 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойынды аға тәлімгер ұйымдастырыды. Шара барысында оқушылар тарих пәнінен сынға түсті. Тарих білгірі атанған оқушылар мен белсенді зияткерлерге марапат қағаздары таратылды.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша:спортнұсқаушы А.М.Житеуов «Фестиваль здоровья – 2021» атты марафон ұйымдастырды. Мақсаты: денсаулықты сақтай білуге, салауатты өмір салтына баулу. Спорттың пайдасын насихаттау. Денсаулық күнінде оқушылар жалпы дене дайындығы сынға түсті. Үздік шыққан оқушылар марапатталды.Медбике А.А.Шукунова оқушылармен «Зиянды әдеттер», «О вирусных заболеваниях» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Мақсаты: оқушыларды жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Вирустық инфекциялар туралы ақпарат беріп, ауруларды алдын – алу.Спортнұсқаушы А.М.Житеуов 7-11 сынып оқушыларымен волейбол ойынан жарыс ұйымдастырды. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Г.А.Турембетова «Зиянды заттан аулақ бол» атты тақырыпта сурет сайысын ұйымдастырды. Оқушылар нашақорлық пен зиянды нәрселерді бейнелеп, өз ұрандарын тарту етті.ЖИТС-ке қарсы күнде медбике А.А.Шукунова «ЖИТС заман дерті» тақырыбында оқушылармен әңгіме сабағын өткізді. Бейнероликтер мен жағдайаттар көрсетіліп, сауалнама алынды. «СПИД – болезнь века» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Медбике А.А.Шукунова өз баяндамасымен шараның шымылдығын түрді. Шараның басты мақсаты: ғасыр індеті СПИД ауруын алдын-алу, оқушылардың жыныстық сауаттылығын арттыру.     6-10 сынып оқушылары арасында спортнұсқаушы А.М.Житеуов үстел теннисі ойыннан үйрете отырып, ойын ережесін түсіндіріп, салауатты өмір салтына баулу.

Сонымен қатар,мектепте оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық қасиеттеріне орайластырылған «Қоғамға қызмет» волонтерлар, «Ұшқыр ой алаңы» дебат, «Сырғалым» қыздар, «Достық» ынтымақтастық, «Тарлан» әскери-патриоттық, «Адал Ұрпақ» клубтары бар.

Балаларды  оқыту және  тәрбиелеуде денсаулығын нығайту  және ұлттық сана мен психологиясы  қалыптасқан, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты бала тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып, педагогтар  белгілі  бір  мақсатта   сапалы  оқытып, тәрбиелеу үстінде. Тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасалуда. Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін бастапқы мүмкіндіктер үшін жоспарлар құрылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, мектепалды тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып арасында сабақтастық жоспары құрылып,  байланыс ұстанымдары қамтамасыз етілуде.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарына арналған  бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес тәрбие жоспары, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса берілді).

Сонымен қатар, оқушылар әр түрлі спорттық, шығармашылық сайыстарыға қатысып жүлделі орындарға ие болды. 

-Нұрланқызы Жадыра, Құрбанғалиева Ақерке «Ақберен» облыстық сайысының аудандық дәрежесінен 1 орынға ие болды,жетекшілері К.А.Елеуова, К.А.Казмагамбетова.

-ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық «Ұлт өнері-ұрпаққа мұра» сурет сайысына қатысқаны үшін Г.А.Турембетова марапатталды.

- Көркем еңбек пәні мұғалімі Г.А.Турембетова «Алтын тұмар» облыстық жинаққа туындысын шығарды.

- А.Құнанбайұлының 175 жылдығына  орай «Жыл мезгілдері» атты Республикалық сурет сайысына қатысып, Гамматов Ермұрат жеңімпаз атанды.

-«Өзін-өзі басқару мектеп парламенті» жобасы аясында белсенділік танытқаны үшін Сазды орта мектебінің парламенті марапатталады.

 

  1. Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі).

2021-2022  оқу  жылында  бейінді  оқыту  10 және 11  сыныптарда ғана   қолданылады. Мектеп жаратылыстану-математика бағыты бойынша жұмыс жасайды. Бұл бағыттың таңдалуы оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұранысы негізінде жүзеге асады. Арнайы ата-аналармен оқушылардан алынған сауалнаманың негізінде инварианттық оқу жүктемесіне таңдау пәндері:

Тереңдетілген  деңгей бойынша  оқу бағдарламасында физика , химия , биология , география  пәндері  аптасына  3 сағаттан  2 пән  таңдау  ұсынылған .   Ата –аналар  мен  оқушылардың таңдауы бойынша  тереңдетілген деңгейде  төмендегі  пәндер таңдалған:

 

  • Қазақ тілінде оқитын 10- класта аптасына  биология  пәні  – 3 сағат  , физика  пәні – 3 сағат  берілген.
  • Орыс тілінде оқитын 10 класта  аптасына  физика пәні  -3 сағат  , география пәні -3 сағат    берілген .
  • Орыс тілінде оқитын 11 класта аптасына физика  пәні – 3 сағат , география   пәні - 3 сағат     берілген.

 

Стандартты  деңгейде  дүниежүзі  тарихы  ,  кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері , графика және  жобалау , құқық  негіздері  пәндері   аптасына  2 сағат   тек  1 пән  ғана таңдау ұсынылған . Ата –аналар  мен  оқушылардың таңдауы бойынша   стандартты  деңгейінде   10 және 11 кластарда  «Дүние жүзі тарихы» пәні  аптасына  2 сағаттан  таңдалды.

Барлық пәннен  оқу  бағдарламасы , тақырыптық –күнтізбелік  жоспар  бар , мектеп  директорымен  бекітілген.

 

 7.Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру .

Мектепте   мүмкіндігі  шектеулі   -3 оқушы  бар.   Облыстық  ПМПК  шешімі  бойынша  инклюзивті  оқыту   бағдарламасы  ұсынылған , яғни мектеп алды даярлық  тобында  Құттыбаев Н, 9 қазақ класында   Гамматов  Е және  Сисен  Е.                                                                     Құттыбаев Н – 11.10.2021 жылы №21945 берілген  анықтама   бойынша  «Білім  беру туралы »ҚР заңының 47 бабы 3 пункты 2  қосымшаға  сәйкес  жалпы  білім беру  бағдарламасында  инклюзивті  оқыту  ұсынылған. «Ғ -83 ОПР ІІ уровня синдром  дедицита  внимание  и гиперактивна» диагноз қойылған.                                                                                                          Сисен  Ерасыл- 31.08.2021жылы  №393 облыстық ПМПК  анықтамасы  бойынша   жалпы білім беру  бағдарламасында инклюзивті  оқыту  және дене шынықтыру  пәнінен , ауыр еңбектен  босату  туралы  ұсынылған. «Правостороний  коксоартриоз  1 ст »  диагнозы  қойылған. Гамматов Е – 21.10.2021ж №2838534 облыстық  ПМПК  анықтама  бойынша  жалпы білі беру бағдарламасының  инклюзивті  оқыту  ұсынылған. « Резидуальная  инсопаолпатия . Косоглазия  содружественная  расходящися  монораторальные  поспоянные ,  со среднем углом. Амблепия высокая степени» диагнозы  қойылған.

 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылған 2021 жылғы 13 мамырдағы  № 5 хаттама  ҚР орта  білім  беру  ұйымдарында оқу – тәрбие процесін  ұйымдастырудың  2021-2022 оқу жылындағы  ерекшеліктері туралы» әдістемелік  нұсқау  хат , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Инклюзия жағдайында 5-9-сыныптардың жаратылыстану-математикалық, қоғамдық –гуманитарлық  бағытындағы оқу пәндерінің БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар, Ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі бар  баланың отбасына  психологиялық  қолдау көрсету  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар (2020ж) ,Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ 20.09.2018 ж. № 469 бұйрығы) осы  заңнамалар   басшылыққа  алынды.

Мұғалім әр оқушының жеке мүмкіндіктерін, білім беру және жеке жетістіктерін бақылау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды. Оқытудың мазмұны: өзі туралы түсініктерді; шаруашылық еңбек және тіршілікті қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы қолжетімді түсініктерді және әлеуметтік және табиғи ортадағы бағдарлауды; коммуникативтік біліктерді; қолжетімді еңбек қызметін; практикалық бағыты бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша қолжетімді білімді қалыптастыруға бағытталған. Білім беру ұйымы үлгілік оқу жоспарының негізінде білім алушылардың  ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сынып үшін жұмыс оқу       жоспарын жасайды. Психологиялық- педагогикалық қолдау мұғалімдері мен мамандарының жұмысы командалық  тәсілді қолданады.

  1. ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру.

 «Сазды  орта  мектебі » КММ – де  2021-2022 оқу  жылында   01.09.2021жылы оқу  жұмыс  жоспарына  сәйкес   факультативтер мен  таңдау пәндері   бекітілген. Оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін, ой-өрістерін кеңейту,«Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасын жүзеге асыру, оқушылардың логикалық ойлау қасиеттерін дамыту мақсатында және оқушылардың тұрмыстағы экономикалық көзқарасын қалыптастыру, еңбекке құлшынысын арттыру, жоба жоспарын құру, өз мақсатын жүзеге асыруға үйрету, таным көкжиегін дамыту, қоршаған ортаның қыр-сырларымен тереңірек таныстыру мақсатында Әрбір  сынып бойынша  факультатив сабақтарға  тоқталатын болсақ ,олар төмендегідей:

  • Мектеп алды даярлық тобында  «Қызықты математика әлемінде» , «Шуақты қылқалам» , «Сиқырлы кітап» , «В стране занимательной математики» ,«Волшебная книга»
  • 1 қазақ  ,  2,3  қазақ  ,  4 қазақ  , 5 қазақ  сыныбында   «Ұлттық ойындар»
  • 3 қазақ  сыныбында  «Оқу сағаты »
  • 4 қазақ сыныбында «Бірге ойланайық»
  • 1,3 орыс және  2,4  орыс  сыныбында  «Национальные игры»
  • 5,6 қазақ , 7,8 қазақ ,9 қазақ сыныбында «Шағын футбол »
  • 6,7 орыс , 8,9 орыс сыныбында «Мини  футбол »
  • 6 қазақ сыныбында «Экология  әлеміне саяхат»
  • 5,6 қазақ , 9 қазақ «Қазақстан минералды ресурстары»
  • 6 қазақ сыныбында   « Ұлы дала  тарихы»
  • 6 орыс , 8,9 орыс сыныбында «Сказочная  природа»
  • 9 қазақ  сыныбында  «Зайырлылық және дінтану»
  • 9 орыс сыныбында  «Светскость и основы религиоведения»
  • 10 қазақ сыныбында «Химия есептерінің сырлары»
  • 10 қазақ сыныбында « Биология есептері»
  • 10 орыс , 11 орыс сыныбында «Практикум по  решению различных  физических  задач»
  • 10 орыс , 11 орыс сыныбында «Страноведение»

2021-2022 оқу жылында  бекітілген факультатив жоспарлары  қосымшада көрсетілген.(№4)

Факультатив  сабақтарға  бөлек  сабақ кестесі жоқ  , негізгі  сабақ  кестесіне енгізілген.  2021-2022 оқу жылындағы  зияткерлік  олимпиадалар мен конкурстарға қатысу  нәтижесіне   бойынша  аудандық , облыстық  жетістіктер  бар. Оқушылардың  аудандық , облыстық , республикалық  «Дарын» байқаулары , олимпиадалары ,  ғылыми жобаларына  да  белсене  қатысып ,  жетістіктерге  қол жеткізген.

АУДАНДЫҚ                                                                                                                                     

- 4 сынып  оқушысы  Бауыржан Т  «Зерде» ғылыми жоба байқауынан 1 орын;

- 4 сынып оқушысы  Жабетов Д   «Зерде» ғылыми жоба байқауынан мадақтама ;

- 4 сынып оқушылары Бауыржан Т , Мұрат Ә , Дүйсенғұл А ,Құрманғазы Н  «Кіші білгірлер» командалық сайыстан 2 орын;

ОБЛЫСТЫҚ

  • 4 сынып оқушысы  Бауыржан Т  «Зерде» ғылыми жоба байқауынан 1 орын;
  • 10 сынып оқушысы   Нұрланқызы Ж «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» облыстық байқауынан  мадақтама ;
  • 6 сынып оқушысы Дүйсенғұл А «Ұлттық салт – дәстүр және әдет ғұрыптар: кеше, бүгін, ертең» байқауынан 2 орын;

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

  • 8 сынып оқушысы Құрбангғалиева  А  «Ақберен» республикалық  байқауынан 1 орын ;
  • 10 сынып оқушысы Нұрланқызы Ж  «Ақберен» республикалық  байқауынан 1 орын ;

Оқушылар  грамотасы  қосымшада  көрсетілген. (№5)

9."Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курстары бастауыш класта дүниетану пәні бойынша, жоғары және орта буындарда дене шынықтыру мен АӘТД пәні негізінде жүзеге асырылады.    Бастауыш 1-3 сыныптарда Дүниетану оқу пәнінде 6 сағат, 4-сыныптарда Дүниетану оқу пәнінде  10 сағаттан, 5-9 сыныптарда Дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттан, 10-сыныпта Алғашқы әскери дайындық оқу курсы аясында 12 сағат, 11-сыныпта Алғашқы әскери дайындық оқу курсында 16 сағаттан жүзеге асырылуда.

2021-2022 оқу жылына  арналған  «Өмір  қауіпсіздігінің негіздері»  курс бағдарламасы  қосымшада  көрсетілген №6)

  1. "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру.

«Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсы 1-8 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары арқылы жүзеге асырылады. Жылдық күнтізбелік жоспары бар. (көшірме қоса жалғанды);

 ЖЖЕ сақтау бойынша мектепте «ЖЖЕ білесің бе?», «Бағдаршам мен белгілер», «Жол ережесін сақтау өмір кепілі», «Жол ережесін білемін, аман сау жүремін!» атты тақырыптарда сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, «ЖЖЕ жас инспекторлары» атты мектепішілік қозғалысы жұмыс жасайды.

2021-2022 оқу жылына  арналған  « Жолда жүру ережелері»  курс бағдарламасы  қосымшада  көрсетілген №7)

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау. Біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішінде жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі.

2021-2022 оқу жылында    «»Сазды орта  мектебі » КММ  -дегі педагогикалық  кадр  біліктілігіне тоқталсақ , мектепте 30 мұғалім. Білімі бойынша:жоғары-26, арнаулы орта-4.

Педагог-зерттеуші -2,  педагог-сарапшы -8 , педагог-модератор-11, І санатты-2, санаты жоқ-6 . Әлеуметтік  педагог -1, психолог-1,тәлімгер-1, кітапханашы-1.

 

Білімі бойынша

2019-2020 оқу жылы

2020-2021оқу жылы

2021-2022

 оқу жылы

барлығы

34

32

30

жоғары білімді

29

29

26

орта кәсіптік           

5

3

4

 

 

Санаты бойынша

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

2021-2022

 оқу жылы

Жоғары санат

1

1

-

І санат

2

3

2

ІІ санат

2

2

-

Педагог-модератор

8

11

12

Педагог-сарапшы

12

12

8

Педагог–зерттеуші

-

-

2

 

Мектеп мұғалімдері негізінен облыстық мұғалімдердің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтынан базалық және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  курстан өтті. Аудандық, облыстық, халықаралық ғылыми практикалық конференция мен  семинарларға қатысу барысында озық педагогикалық іс тәжірибелерімен алмасты. Өз пәндері бойынша республикалық, облыстық, аудандық баспасөздерге жазылу арқылы әдістемелік және ғылыми тұрғыда үздіксіз өз білімдерін жетілдірді. 

 

Курс түрі

2019-2020 оқу жылы

2020-2021

оқу жылы

2021-2022

 оқу жылы

базалық

3

8

10

Жаңартылған білім беру

4

3

7

Басқа

5

3

16

 

 

( 2021-2022 оқу  жылында  педагог  кадрлардың  біліктілік   арттыру  курсынан  өткен сертификаттар  қосымшада  көрсетілген №8)

 04.01.2021ж    №1, №9, №11 хаттамада  педагог кадрлардың  бухгалтерлік есептілік деректері  берілген  және  мектеп  директорымен  , арнайы  комиссия  мүшелерімен  расталған .  (№9 қосымша)

Сазды  орта мектебі  бойынша 6 интерактивті  тақта ,40 компьютер , 45 ноутбук  бар .   Паспортталған  мультимедиялық кабинет ,  информатика  кабинеті , физика кабинеті ,  химия , шеберхана . Сонымен қатар  АӘД ,  2 бастауыш кабинеті , өзін –өзі тану  кабинеті , биология кабинеті бар.  Шеберхана  (ұлдарға) ағашпен  жұмыс жасайтын станоктармен  жабдықталған .  Асхана  50 адамға  арналған  және  қажетті құрал – жабдықтармен  толық қамтылған, оқушыларды  2 ауысымда  тамақтандырып отыр. Спортзал  170,4 м шаршы  аумағында ,  40 оқушы  еркін сияды  , «Қауіпсіздік кнопкасы» жұмыс жасап тұр.   АӘД  пәнінен  қару –жарақ  сақтау  бөлмесі бар 1 қабатта  орналасқан.  Интернетке еркін ену 2 нүктесі бар, интернет  жылдамдығы 4 Мбит/с. Интерактивті  тақта   - бастауыш  кабинетінде ,  химия ,  информатика , мультимедия , өзін –өзі тану  кабинетінде бар .    Интерактивтік тақтаны барлық пән мұғалімдері сабақтарында қолдануда және де  пәндер бойынша , сыныптан тыс жұмыстардың флипчарттар қоры жинақталуда. Мектепте 35 электронды оқулық  бар . Әр сыныпта оқу-әдістемелік құралдары мен дидактикалық материалдар , электрондық оқулықтар қолданылады. Мұғалімдердің 100 % компьютерді қолдана біледі.

10,11,12,13,14,17   қосымшалар  толтырылып  , электронды түрде сканерленіп №10 қосымшада  көрестілді.

  1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар.

Оқушыларға арналған оқу жүктемесіде МЖМБС талаптарына  сай жасалған. Әр сынып  бойынша  апталық  сағат  жүктемесі төмендегідей:

Сыныптар

Апталық  жүктемесі

Сыныптар

Апталық  жүктемесі

1 қазақ

22,5 сағат

1,3 орыс

39 сағат

2,3 қазақ

39 сағат

2,4 орыс

39 сағат

4 қазақ

26 сағат

6,7 орыс

46,5 сағат

5,6 қазақ

45 сағат

8,9 орыс

51 сағат

7,8 қазақ

48 сағат

10 орыс

35 сағат

9 қазақ

34 сағат

11 орыс

35 сағат

10 қазақ

35 сағат

 

 

Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін  құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі  сәйкес келеді.

Инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлу  жоқ  , себебі  ШЖМ (шағын жинақталған мектеп)  болғандықтан  оқушы  саны аз.

  1. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

      1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамалары.

2021-2022 оқу  жылының  қорытынды аттестау  мерзімі  мамыр айында  болады .Мектепте  тек  қорытынды аттестаттау  комиссиясы  ғана  құрылған.

      2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау.

Әдістемелік  нұсқау  хатта көрсетілгендей  2 сыныпта  -50 минут , 3,4 сыныпта – 90 минут уақытқа сай  үй тапсырмасы  берілген.

     3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау.

ҚР Білім және  ғылым  министрінің 18.03.2008 жылғы №125  бұйрығын  басшылыққа  ала отырып , 2-4 сыныптарда  БЖБ  7 және  15 балдан  артық  болмауы керек, 5-11 сыныптарда  7 және 20 балдан артық емес  болу керек.

ТЖБ  №125 бұйрықтың  17 пунктінде  әр  пән  бойынша  максималды балл көрсетілген ,  соған сүйене отырып  балл  нормалары  сақталған. Аптасына  1 рет  болатын  пәндерден (14-4 пункт) ТЖБ  өткізілмейді , тек жарты жылдыққа  ғана қорытынды баға  шығады.

  1. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:
  • тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау.

2021-2022 оқу жылында   ЖББ оқу бағдарлама  стандартқа  сай  толық  меңгерілуде , жоспарланған  сағат сандары  талапқа сай.

  • сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.

2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:

2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек  , оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;

оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) сыныптарда:

күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда),                                                                        қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы   16 қаңтарды қоса алғанда),                                                                                                                                                 көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда)

 

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса               алғанда).

Комиссия мүшелері қатысқан сабақтың сапасы.

Өзін өзі аттестаттау барысында комиссия мүшелері 24 сабаққа және 4 сыныптан тыс іс шараға қатысты. Мектепте пән мұғалімдері диплом бойынша сабақ беруде. Тексеріс барысында мұғалімдердің түйінді мәселесі мен сабақта қолданылатын технологиямен сабақтарды өткізеді. Мұғалімдердің  30%-ы сабақты дәстүрлі әдіспен өткізеді. Күнтізбелік-тақырыптықтық жоспарлары бекітілген, өз білімін жетілдіру жоспарлары бар, күнделікті сабақ жоспарлары күнтізбелік-тақырыптық жоспармен және Күнделік  электронды журналымен сәйкес келеді. Өзара сабаққа қатысу дәптерлері түгел емес.  

Мектепте волейбол, баскетбол, футбол спорт секциялары жұмыс жүргізеді.

Бекітілген оқу-тәрбие жоспары бойынша жоспарланған жұмыстар орындалған, мұғалімдердің сабақты өткізу деңгейі қанағаттанарлық. Білім сапасы:

2021-2022 оқу жылының   І тоқсанында  -51,1% ,  ІІ тоқсанында  -51,7 %

Орындайтын жұмыс пен сабақ жүктемесінің мұғалімдердің біліктілігіне сәйкес келеді.

Талдау жұмыстары жасалынып, педагогикалық және директор жанындағы кеңесте қаралды және де  төмендегідей  ұсыныстар  айтылды:

  • Сабақта жаңартылған білім беру мақсатында  инновациялық  технологияны  қолдану ;
  • Оқушыларды «Дарын» олимпиадаларына , ғылыми  жобаларына  , байқауларын қатысуын  арттыру;
  • Педагог қызметкерлердің  кәсіби  конкурстарға  белсене  қатысуын қадағалау ;
  • Пән  мұғалімдері мен  оқушылардың спорттық  сайыстар , жарыстарға  қатысу белсенділігін  арттыру;
  • Жалпы білім сапасын арттыру.