Сазды орта мектебінде өткізілген «Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық науқан туралы ақпарат
Сазды орта мектебінде 10 ақпан мен 10 сәуір аралығыгда «Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық науқан өткізілді. Класс жетекшілер науқан бойынша стендті дайындады. Стендке ата-аналарға және оқушыларға арналған жадынама мен кеңестер ілінді. Аға тәлімгер Г.А.Айтбаева «Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамассыз етіледі» атты жадынамаларды даындап, таратты. 12 ақпанда әлеуметтік педагог «Өмір тамаша! Бос қауіпке жол берме!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқушыларға өмірдің рухани құндылықтары туралы бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Жақсылық пен жамандық туралы жағдайаттар қойылды. 14 ақпан күні мектеп психологы А.В.Айтбаева ақпараттық психологиялық көмек көрсететін деректі парақшаларын таратты. 15-17 ақпан аралығында класс жетекші Д.Ә.Ералиева «Әлеуметтік желінің зияны» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға әлеуметтік желідегі қауіпті топтар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Оқушыларға ғаламторды пайдалы іс үшін пайдалану керектігін түсіндіріп, бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. 22 ақпанда аға тәлімгер Г.А.Айтбаева «Қауіпсіз интернет» тақырыбында дөңгелек үстелді ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар ғаламтор туралы пікірлерін ортаға салды. «Зиянды ғаламтор» мен «Пайдалы ғаламтор» атты екі топқа бөлініп, пікірталас өткізді. 23 ақапан күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары К.В.Даннның ұйымдластыруымен «Жүректен жүрекке» атты концерт өткізілді. 2 мамырда АӘД пәнінің мұғалімі «Зариница» әскери спорттық ойын өткізді.Оқушылар «Көк» және «Жасыл» топтарына бөлініп,білек сынасты. «Жасыл» тобының қатысушылары жеңіске жетті. 4 наурыз күні класс жетекші М.Ж.Утемагамбетова «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинарда ғаламтордағы қауіпті парақшалар, зиянды ақпараттар мен улы топтар туралы ақпарат таратылды. Ғаламтордан зиян тапқан адамдардың оқиғаларын ортаға салып, бейнероликтер арқылы көрсетті. 6 наурызда психолог А.В.Айтбаева «Біз өмірді таңдаймыз!» ұранымен тренинг өткізді. 7 наурыз күні А.Р.Баганаева «Балалық шақ қорғалуда» атты тақырыпта ата-аналарға дәріс сабағын өткізді. Ата-аналарға бағалы кеңестер берілді. Акцияның соңы «Өмір тамаша!» атты флеш-мобпен аяқталды. Оқуышылар ырғақты әуенге би биледі.





























