Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Саздинская средняя школа»

Добро пожаловать на сайт нашей школы!

«Туған жерге тағзым»

Түлектерді қарсы алу мерекелік жиынмен басталды. Қонақтарымыз 3 топқа бөлініп: октябрят,пионеров және комсомольцев, жаңартылған бағдарлама бойынша сабаққа қатысты. Октябрят тобына сабақты бастауыш сынып мұғалімі Калиф Алтынгүл Аманжоловна «Сезім мүшелері» тақырыбында өткізді. Пионер тобына математика пәнінің мұғалімі Сегізбаева Нұргүл «Рационалдық сандар» тақырыбында сабақ өткізсе, комсомольцев тобына қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тлеуова Ләззат Кенжеғұлқызы «Жастар-болашағы елімнің» тақырыбында сабақтар өткізді.

Әр мұғалім өз сабақтарында жаңа бағдарлама бойынша жаңа әдістермен, жаңа методикамен түсінік берді.Өткен өмірі боп қалған оқушы кезіндегі естеліктермен күнделікке бағалар қойылып, қорытынды жасады.

Қонақтарымыз мектеп ішіне саяхат жасады. Соның ішінде өздерінің оқыған жылдарында түскен фото суреттерімен естеліктері сақталған мұражай көп бөгелді.

Қонақтарымыз кешкі ас ішті. Кешкі отырысы бұрынғы естеліктер мен жылы лебізге толы тілекетрі және балалық шағының бір бөлшегі болған мектебіміздің қызықты сәттерімен толықты.Түлектеріміз мектебіміздің директоры Утешева Жаукасын Сатмагамбетовнаға алғысы ретінде Сазды орта мектебіне 2 компьютер мен ноутбук сыйлады. Тағы айта кетері алдағы уақытта да қонақ болатынын және тағы түлектерді шақыруын сұрады.