16 желтоқсан күні мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
16 желтоқсан күні мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. 1-11 сынып оқушылары әдемі және қызықты нөмірлерді дайындады. Оқушылар ән айтып, би билеп, мереке күніне өлең оқып, көрініс қойды. Әр оқушы жаны патриоттық сезімге толы болды. Ауыл тұрғындары жас жеткіншектерді алғыс шапалақтарымен жаудырды.





























