Елбасы жолдауы
2018 жылдың 10 қаңтарында Сазды орта мектебінің ұжымы дөңгелек үстел барысында жылдағы Елбасы жолдауын талқылады.
Қазақстан Республикасының дамыған отыз елдердің қатарына нық қадам басып жатқандығы тілге тиек етілді. Н.Ə.Назарбаев ұстаздардың беделін көтеру керектігін бұйырды. Жас ұрпақты инновациялық технологияларға жетелейтін ұстаздарға сыйластық болмаса ұлтымыз табысқа жете алмайды. Мұғалімдердің табысын 30-40 пайызға көтеру мемлекеттің нақты қадамы. Біз, Ұстаздар қауымы, өте қуаныштымыз!























