Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Саздинская средняя школа»

Добро пожаловать на сайт нашей школы!

Сазды орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында «Бақытты бала» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Сазды орта мектебінде «Бақытты бала» бағдарламасы бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген шараларға ауылдың жеке кәсіпкерлері, Степной селолық округінің әкімі және ауыл тұрғындары демеушілік көрсетуде. Аталған бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.  Жантанушы И.И.Шамилова 8 наурызда мектеп оқушыларымен «Бақыт үшін жаралғанбыз» тақырыбында жоғары, орта, бастауыш буын оқушыларыммен тренинг өткізді. Ол оқушыларға өмірдегі қиындықтармен күресе білу керектігі туралы Н.Вучич туралы бейнеролик көрсетті.

22- наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларына арнап дастархан жайылды. Мектеп ұжымы оқушыларға қызықты сәт тудыру үшін жұмылып, дастархан мен орта залды әрлеу жұмыстрына белсене араласты. Жеке кәсіпкерлер «Алекс» Ю.В.Одинцов, «Дәулет» А.С.Джаманова, ауыл әкімі Г.Г.Нуредилова мен ЖШС «Степное» бас директоры А.С.Тулеуов демеушілік етті. Оқушыларға 21 наурыз күні дастархан жайылып, көже асылды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылар  концерттік бағдарлама әзірледі. Концертте оқушылар «Қара жорға» биін билеп, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Р.Утенова оқушыларға арнап қазақтың қара домбырасымен ән шырқады. Жоғары сынып оқушылары және математика пәнінің мұғалімі Н.С.Сегизбаева «Беташар» салтын көрсетті. Н.С.Сегизбаева домбырамен келіннің бетін ашып, оқушылар қауымына сәлем еткізді. Шара соныңда оқушыларға арнап ұлттық ойындар ойнатылды.  Мектепте оқушыларға ұлттық ойындар кеңінен насихатталуда. Оқушыларға асық ату ойынынан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қазақтың ұлттық ойындарына қызығушылығын арттыру.

Спорнұсқаушы А.М.Житеуов пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Ш.Баймагамбетов «Бала бақыты отбасынан» атты отбасылық эстафета ұйымдастырып, өткізді. Эстафетаның басты мақсаты: оқушыларға бақытты болу үшін отбасы керектігін түсіндіріп, адами құндылықтарға баулу. Шараға 5 отбасы қатысты.  Отбасылар берілген тапсырмаларды бірігіп орындады. Эстафетада ата-аналар мен балалар жүгіру, доппен секіру, скакалкамен секіру сияқты тапсырмаларды орындады. Іс-шара соныңда отбасылар номинациялармен марапатталып, сый сияпатқа бөленді. Оқушылар мен ата-аналарға эстафета ұнады. «Мен бақытты баламын» атты тақырыпта 1-4 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі өткізілді. Оқушылар бақытты бала бейнесін салды. Сонымен қатар, мерекелік күнде бастауыш сынып оқушыларына  «Бал- балалық, балдырған шақ сан арман» атты үндеумен сенбі күні «Рухани жаңғыру» кабинетінде орналасқан плазмалық теледидар арқылы оқушыларға мультфильм көрсету жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мультфильм қарауға ынтасымен келді. Уолт Дисней ертегілерімен қатар отандық туындылар да көрсетілді. Осы бастаманы оқушылар құп көріп, апта сайын сенбі күні мультфильм көрсетуді сұрады.