Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Саздинская средняя школа»

Добро пожаловать на сайт нашей школы!

Сазды орта мектебінде «Бақытты бала» жобасы аясында 2018 жылдың 12 сәуірінде өткізілген «Бақытты балалық шақ» сайысы туралы ақпарат

Сазды орта мектебінде «Бақытты бала» жобасы аясында 2018 жылдың 12 сәуірінде өткізілген «Бақытты балалық шақ» сайысы туралы ақпарат

2018 жылдың 12 сәуірінде «Бақытты бала»  жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 2 номинация бойынша өткізілді: эстрадалық вокал мен хореография. Аталған шараға өнерлі өрендеріміз белсене қатысты. Бірі ән салса, бірі биледі.  Ән мен би додасына 1-10 сынып оқушылары қатысуға ниет білдірді. Олар: Узюмова Адэлина, Калиф Диляра, Бақтығали Жанель, Айсагалиев Ислам, Баганаева Інжу ,Копесова Жазира, Абдирасил Толғанай, Курбангалиев Жаркынбек, Дүйсенгул Азиза, Қазым Гүлсара, Абишева Айнара, Айсагалиев Алия, Жомагулова Динара, Сапиева Меруерт, 1,2 қазақ сыныбы, 3-4  орыс сыныбы, 2 сынып,Абишева Альмира, Сапиев Шындәулет.  Қатысушылар жеке және топпен өнер көрсетті. Ауыл халқы мен өнер саласында қызмет атқаратын адамдардан әділқазылар алқасы құрылды. Сайыс соныңда оқушыларға І,ІІ,ІІІ орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға тәттілер таратылды. Бұл сайыс ауыл халқы мен жас жеткіншектерімізге ұнады. Сайыс күні есте қаларлықтай, шаттыққа толы күн болды.