Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Сазды орта мектебі» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Саздинская средняя школа»

Добро пожаловать на сайт нашей школы!

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9-11 сынып оқушылары мен өнер саласында қызмет атқаратын Айгүл және Жеңіс Қайыровтармен кездесуі туралы мәлімет

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9-11 сынып оқушылары мен өнер саласында қызмет атқаратын Айгүл және Жеңіс Қайыровтармен кездесуі туралы мәлімет

2018 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығына орай ауыл әкімшлігінің ұйымдастыруымен Орал қаласынан келген өнерпаздар, ауылымызда көп жылдар бойы қызмет еткен Жеңіс және Айгүл Қайыровтар жеке концерттерін көрсетті.  Келесі күні 13 сәуірде , Сазды орта мектебінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары меймандармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты: оқушыларға «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, кәсіптік бағдар беру. Шара барысында кездесуге келген қонақтарымыз оқушыларға кәсіптері туралы сыр ақтарса, оқушылар меймандарға өздерін толғандыратын сұрақтар мен қызметтері туралы сауалдарын жаудырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл мен Жеңіс Қайыровтардың бұрынғы ауылға жасаған еңбектерін еске алып, өлең жолдарын арнады. Кездесу соныңда Қайыров Жеңіс «Ауылдың адамдары» атты әнді домбырамен шырқап, жылы лебіздерін білдірді.